Accessibility links

Мексикадағы сайлауда Энрике Пенья Ньето алда келеді


Революциялық партияның кандидаты Энрике Пенья Ньето. Мексика, 1 шілде 2012 жыл.

Революциялық партияның кандидаты Энрике Пенья Ньето. Мексика, 1 шілде 2012 жыл.

Жексенбіде Мексикада өткен президент сайлауының алдын-ала нәтижелері бойынша, Революциялық партияның кандидаты Энрике Пенья Ньето алда келеді. Оған сайлаушылардың 40 пайызы дауыс берген.

Ал оның басты қарсыласы - биліктегі Ұлттық іс-қимыл партиясының өкілі және Мехиконың бұрынғы мэрі Андрес Мануэль Лопес Обрадор сайлаушылардың 30 пайыз даусын иеленген.

Сайлау алды үгіт-насихаттың басты тақырыбы - есірткі бизнесімен күрес және елдегі қауіпсіздікті қалпына келтіру болды.

Революциялық партия өткен ғасырда Мексиканы 70 жылдан астам уақыт басқарып, 12 жыл бұрын биліктен кеткен еді.

Қазіргі президент, Ұлттық іс-қимыл партиясының өкілі Фелипе Кальдерон елде тәртіп орната алмай, сайлаушылардың қолдауынан айырылып қалды. Есірткі картельдерінің өзара күресінен соңғы жылдары елде 50 мыңнан астам адам қайтыс болды.
XS
SM
MD
LG