Accessibility links

Apple-дің iPad-қа байланысты дауы шешілді


Apple белгісінің алдында iPad қарап отырған адам. Қытай, 16 наурыз 2012 жыл.
Apple белгісінің алдында iPad қарап отырған адам. Қытай, 16 наурыз 2012 жыл.
АҚШ-тың Apple компаниясы Қытайдың Shenzhen Proview Technology фирмасына iPad сауда маркасын пайдалану құқығы туралы даудың шешімі ретінде 60 миллион АҚШ долларын төлеуге келісті. Бұл туралы Қытайдың Гуандун провинциясының соты мәлімдеді.

Apple компаниясы қытайлық фирмадан осы атауды пайдалану құқын 2009 жылы сатып алғанын айтады. Бірақ Қытай билігі компанияға пайдалану хақын беру туралы ешқандай келісім болған жоқ деп отыр.

Қытай - Apple компаниясы өнімдерін тұтынатын АҚШ-тан кейінгі екінші ірі ел.
XS
SM
MD
LG