Accessibility links

Каспийде шекара кемесі зақымданды


Ақтау портына келе жатқан кеме. Ақтау, 25 сәуір 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Ақтау портына келе жатқан кеме. Ақтау, 25 сәуір 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Каспий теңізінің Қазақстанға қарайтын тұсында Ұлттық қауіпсіздік комитетіне тиесілі "Найза" шекара кемесі зақымданып, тесілді. Бұл туралы ҰҚК шекара қызметінің баспасөз хатшысы Лариса Дмитрюкке сілтеме жасаған "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі хабарлады.

Лариса Дмитрюктің айтуынша, кеме 27 маусымда теңізде жүрген кезінде белгісіз затқа соғылып, зақымданған. Экипаж қауіпсіз аймаққа көшірілген.
XS
SM
MD
LG