Accessibility links

Иран үш күндік әскери жаттығу бастады


Иран алыс қашықтыққа ұшатын "Наср" зымыранын сынақтан өткізіп жатыр. Ормуз бұғазы, 2 қаңтар 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Иран алыс қашықтыққа ұшатын "Наср" зымыранын сынақтан өткізіп жатыр. Ормуз бұғазы, 2 қаңтар 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Иран дүйсенбіде, ядролық бағдарламасына қатысты Батыстың қысымы күшейген тұста үш күндік әскери жаттығу бастады.

Ресми Тегеран Иранның орталығындағы шөлейт аймақта басталған жаттығуда "жер-құрлық" класына тиесілі зымырандар да сыналатынын хабарлайды. Олардың кейбірі Израиль мен Еуропаның оңтүстігіне дейін ұшып бара алады.

Иран революциялық гвардиясының басшылары жаттығу "кез-келген елдің жаулық пиғылдағы іс-әрекетіне Иранның жауап бере алатынын көрсететінін" айтады.

Революциялық гвардияның әскери әуе күштерінің басшылығы жаттығуда зымырандар мен олардан қорғанатын жүйелердің дәлдігі де сыналатынын айтады.

Еуропа Одағы Тегеранды ядролық бағдарламасынан бас тартқызу үшін 1 шілдеден бастап Иран мұнайын импорттауға эмбарго салған еді.
XS
SM
MD
LG