Accessibility links

Front Line Атабаевқа байланысты пікір білдірді


Front Line құқық қорғау ұйымының белгісі.

Front Line құқық қорғау ұйымының белгісі.

Ирландиялық Front Line құқық қорғау ұйымы қоғамдық белсенді, театр режиссері Болат Атабаевқа байланысты мәлімдеме жасады.

"Адам құқын қорғаушы және театр директоры, 2012 жылы 15 маусымда тұтқындалған Болат Атабаев мырза қамауда қатты қысым көргенін" айтқан ұйымның хабарлауынша, 26 маусым күні Ақтау СИЗО-сына барған адвокаты режиссердің қолы, сол жақ көзі көгеріп қалғанын байқаған. Адвокат ертеңінде, 27 маусымда қысым көрсету, қол жұмсау оқиғасына байланысты Маңғыстау облысы және Жаңаөзен қаласы прокуратурасына арыз жазған.

Front Line құқық қорғау ұйымы режиссер Болат Атабаевқа "әлеуметтік араздықты қоздыру" айыбы тағылуы белсендінің саяси және адам құқы жолындағы істеріне тікелей байланысты деп қатты алаңдайды.
XS
SM
MD
LG