Accessibility links

Малиде тарихи мешітке шабуыл жасалды


Тимбукту қаласындағы тарихи мешіт. Мали, 15 мамыр 2012 жыл.
Тимбукту қаласындағы тарихи мешіт. Мали, 15 мамыр 2012 жыл.
Малидің Тимбукту қаласында салафилік топ көтерілісшілері 15-ғасырда салынған тарихи мешітке шабуыл жасады. Радикалды топ өкілдері мешіттің оңтүстік жақтағы есігін бұзып кірген. Жергілікті халық "мешіттің бұл тұсындағы есігі ашылса, бақытсыздық болады" деген сенімімен ғасырлар бойы бұл есікті ашпаған еді.

Наурызда елдің солтүстігін басып алған, "Әл-Қаидамен" байланысы бар "Ансар ад-Дин" тобы сопылық бағыттағы мұсылмандар құрметтейтін ислам ғұламаларының кесенелерін "пұтқа табынушылық" деп санайды.

Өткен жексенбіден бері елде осындай 16 кесененің алтауы қиратылды.

Халықаралық қылмыстық соттың бас прокуроры Фату Бенсуда "исламшылдардың бұл әрекеті әскери қылмыс болып саналады" деген ескерту жасады.

Ал АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Виктория Нуланд мешіттің бүлінуін айыптап, қақтығысушы тараптарды елдің мәдени мұрасын сақтауға шақырды.
XS
SM
MD
LG