Accessibility links

Иран "Шахаб-3" зымыранын сынады


Иранның орта қашықтыққа ұшатын "Шахаб-3" зымыранын сынау сәті. Кевир шөлі, 3 шілде 2012 жыл.
Иранның орта қашықтыққа ұшатын "Шахаб-3" зымыранын сынау сәті. Кевир шөлі, 3 шілде 2012 жыл.
Иранның ақпарат құралдары бүгін елде радиусы орта қашықтықтағы "Шахаб-3" зымыраны сынақтан сәтті өтті хабарлады.

Бұл зымыран 2 мың шақырым қашықтықтағы нысананы қирата алады. Яғни Израиль аумағындағы нысандарға еркін жете алады деген сөз. Зымыран дүйсенбіде Иранның орталығындағы шөлейт аймақта басталған үш күндік әскери жаттығу аясында сынақтан өткізілген.

Ресми Тегеран әскери жаттығуды елдің "кез-келген сыртқы жауға тойтарыс бере алатынын көрсетеді" дейді.

Әскери жаттығу бүгін Стамбулда Иранның ядролық бағдарламасына қатысты өтіп жатқан халықаралық келіссөздермен тұспа-тұс келді. Келіссөздерде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүшесі мен Германия Иранды кезекті рет ядролық бағдарламасынан бас тартуға көндіріп көрмек. Батыс елдері "Иран байытылған ураннан ядролық қару жасауы мүмкін" деп қауіптенеді.
XS
SM
MD
LG