Accessibility links

Жапония Медведевтің Курил аралдарына сапарына наразы


Дмитрий Медведев Владивостокта сапарлап жүр. 2 шілде 2012 жыл.
Дмитрий Медведев Владивостокта сапарлап жүр. 2 шілде 2012 жыл.
Жапония Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевтің Оңтүстік Курил аралдарына сапарлап барғанына наразылық білдірді.

Бүгін Жапония Ресей елшісі Евгений Афанасьевті сыртқы істер министрлігіне шақырып, одан Медведевтің сапары туралы түсінік беруді талап еткен.

Оңтүстік Курил аралдарына екі ел көп жылдан бері таласып келеді. Токио Курил аралдар шоғырындағы төрт аралды өзінікі деп санайды. Мәскеу "аралдар СССР құрамына екінші дүниежүзілік соғыс кезінде кірген" деп, оған Ресейдің ие болып қалғанын айтады.

Медведев бүгін сол төрт аралдың бірі - Кунаширге барған. Медведев аралға 2010 жылы президент болып тұрғанында келгенде де Жапония наразылық танытып, Мәскеудегі елшісін аз уақытқа кері шақырып алған еді.
XS
SM
MD
LG