Accessibility links

Пәкістан Ауғанстанға жүк тасымалдау жолын қайта ашты


АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон. 29 маусым 2012 жыл.
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон. 29 маусым 2012 жыл.
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон "Пәкістан Ауғанстандағы коалиция әскеріне жүк жеткізуге қайтадан рұқсат берді" деп мәлімдеді. Пәкістан өткен жылдың қараша айында АҚШ-тың әскери әуе күштері осы елдің территориясына қателесіп соққы бергеннен кейін жүк тасымалы дәліздерін жауып тастаған еді.

Клинтон Вашингтонның сол әуе соққысынан Пәкістанның зардап шеккеніне өкінетінін айтады. Әуе соққысынан Пәкістанның 24 әскери қызметкері қаза тапқан.

Бұдан бұрын Пәкістанның жаңа премьер-министрі Первез Ашраф транзиттік дәлізді жабу елдің НАТО және АҚШ-пен байланыстарына кері әсер ететінін мойындаған. Бірақ "Талибан" жауынгерлері егер Пәкістан территориясы арқылы қайтадан жүк тасымалдана бастаса, жүк көліктеріне шабуыл жасайтындарын айтып, ескерту жасаған еді.
XS
SM
MD
LG