Accessibility links

Жанболат Мамай әлі Ақтау абақтысында отыр


"Рух пен тіл" ұйымының жетекшісі, қоғамдық белсенді Жанболат Мамай.

"Рух пен тіл" ұйымының жетекшісі, қоғамдық белсенді Жанболат Мамай.

"Әлеуметтік араздықты қоздырды" деп айыпталған қоғамдық белсенді Жанболат Мамай әлі Ақтау түрмесінде қамауда отыр деді Азаттық радиосына оның әкесі мен қорғаушысы.

Белсендінің әкесі Мамай Құрмашұлы мен қорғаушысы Абзал Құспанов Жанболат Мамайдың өзімен бірге қамалған театр режиссері Болат Атабаев сияқты босап шығар-шықпасын білмейді.

Маусымның 15-і күні Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) театр режиссері Болат Атабаев пен «Рух пен тіл» ұйымының жетекшісі Жанболат Мамайды үйлерінен ұстап әкетіп, кейін этаппен Ақтауға жеткізген.

4 шілдеге қараған түні Болат Атабаев Ақтаудағы ҰҚК-нің тергеу абақтысынан босап шығып, бірден Алматыға ұшты.
XS
SM
MD
LG