Accessibility links

Украинада тіл туралы заңға қарсылық жалғасып жатыр


Тіл туралы заңға қарсылық танытқан оппозиция жақтастары полициямен қақтығысты. Киев, 4 шілде 2012 жыл.
Тіл туралы заңға қарсылық танытқан оппозиция жақтастары полициямен қақтығысты. Киев, 4 шілде 2012 жыл.
Украинада тіл туралы жаңа заңның қабылдануына қарсы кеше Киевте басталған наразылық шаралары бүгін басқа да қалаларда жалғасып жатыр. Хабарларға қарағанда, бүгін Харьков пен Львов қалаларында орыс тілінің қолданыс аясын кеңейтетін заңға қарсылық танытқандар бар. Киевте оппозиция жақтастары полициямен қақтығысты.

Украина парламенті - Жоғарғы раданың спикері Владимир Литвин бүгін заңның қабылдануына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді. Ол тіл туралы заңды талқылауға әлі ерте екенін және дауыс беру отырысында өзінің қатыспай қалғанын айтады. Отставкаға кететіні туралы вице-спикер, оппозициялық "Юлия Тимощенко-Батъкивщина блогы" фракциясының өкілі Николай Томенко да мәлімдеді.

Киевтің орталығындағы Украин үйі маңында заңға қарсы жүздеген адам әлі наразылық танытып тұр. Украина президенті Виктор Янукович бүгінге белгіленген баспасөз жиынын кейінге ысырып, парламент төрағалары мен депуттаттардың жиынын шақырды.

Жаңа заң 27 облыстың 13-інде білім беру, сот ісі және бизнес салаларында орыс тілін қолдануға және оған аймақтық тіл мәртебесін беруге жол ашады.
XS
SM
MD
LG