Accessibility links

Астанада Құрманғазыға ескерткіш ашылды


Сәрсенбіде Астанада қазақтың халық композиторы, музыкант Құрманғазы Сағырбайұлына арналған ескерткіш ашылды деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі. Ескерткіштің ашылуына президент Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

Ескерткіш мүсін қоладан құйылған, биіктігі 10 метрге жетеді.

Құрманғазы Сағырбайұлының "Адай", Сарыарқа", "Балбырауын", "Ақсақ киік" сияқты танымал күйлері бар.
XS
SM
MD
LG