Accessibility links

Жапонияда АЭС қайта қосылды


Мамандар Фукусима АЭС-нің маңында радиация деңгейін өлшеп жүр. Фукусима, 12 ақпан 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Мамандар Фукусима АЭС-нің маңында радиация деңгейін өлшеп жүр. Фукусима, 12 ақпан 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Жапонияда былтырғы цунами мен жер сілкінісінен кейін тоқтап қалған алғашқы атом электр станциясы (АЭС) қайта іске қосылды. Елдің батысындағы Охи қаласында орналасқан АЭС-тің үшінші реакторы бүгін жұмыс істей бастады.

2011 жылғы жер сілкінісі мен цунамиден кейін "Фукусима" АЭС-інде реактордың ядролық отыны ағып, ауаға радиация тараған еді. Содан кейін АЭС жұмысын тоқтатқан.

Осыдан соң Жапонияда ядролық нысандардың қауіпсіздігін тексеру мақсатында барлық реакторлар уақытша сөндірілген.

Жапонияда ядролық энергияны пайдалануға қарсылық танытушылар көп. Бірақ соған қарамастан, үкімет электр энергиясынан тапшылық болмауы үшін Охи АЭС-індегі екі реакторды қайта іске қосты.

2011 жылы 11 наурызда болған жер сілкінісі мен цунамиден бұл елде 15 мың адам құрбан болды.
XS
SM
MD
LG