Accessibility links

AI "Қытай ұйғырларды әлі қудалап отыр" деді


Үрімжідегі қақтығыста ұйғыр әйелдері наразылық танытып тұр. Қытай, 7 шілде 2009 жыл.

Үрімжідегі қақтығыста ұйғыр әйелдері наразылық танытып тұр. Қытай, 7 шілде 2009 жыл.

Amnesty International халықаралық ұйымы Қытайды "2009 жылы ұйғырлар мен этникалық қытайлар арасында болған қақтығыстардан кейін ондаған ұйғырды тұтқындап, әлі қудалап жатыр" деп сынады.

2009 жылы шілдеде Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданының орталығы Үрімжіде этникалық қытайлар мен ұйғырлар арасында қақтығыс болып, 200-ге тарта адам қаза тапқан. Содан бері Пекин тоғыз ұйғырды "тәртіпсіздікті ұйымдастырды" деп соттап, жүздеген ұйғырды қудалады.

Amnesty International соңғы жасаған есебінде "Пекин 2009 жылғы қақтығыстарда және одан кейін із-түссіз жоғалып кеткен туыстарын іздеген ұйғырларды қорқытып, қысым жасап жатқаны туралы жаңа айғақтар бар" дейді.

Ұйымның мәліметінше, ондаған ұйғыр отбасы 2009 жылғы шілдеден кейін туыстарының із-түссіз жоғалып кеткенін айтып шағымданған.
XS
SM
MD
LG