Accessibility links

Атырау ҰҚК департаменті алдында бір адамдық пикет өтті


Қоғамдық белсенді Макс Боқаев.

Қоғамдық белсенді Макс Боқаев.

Шілденің 5-інде Атырау облыстық ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті алдында бір адамдық пикет болды.

Қоғамдық белсенді Макс Боқаев қолына «Репрессия тоқтатылсын! Роза Төлетаева, Серік Сапарғали, Ақжанат Әминов, Жанболат Мамай, Арон Атабек» деген жазу жазылған плакат ұстап тұрды.

Ол осы шарадан кейін департамент ғимаратына кіріп ҰҚК басшысы Нұртай Әбіқаевқа және облыстық департамент басшысы Нұржан Жігітековке хат жолдады.

Онда белсенді әлеуметтік алауыздық тудырды деп айыпталған Владимир Козлов, Серік Сапарғали және Жанболат Мамаймен кездесуге рұқсат сұраған.

Ол өзінің пикетке шығуына 4 шілдеде режиссер Ермек Тұрсыновтың Алматыдағы баспасөз мәслихатында қалған саяси сотталушыларды шығару үшін ҰҚК-ге хабарласу керек деген нұсқамасы себеп болғанын айтты.

- Тұрсынов баспасөз мәслихатында ҰҚК-де бір «жылымықтың» пайда болғанын айтты. Сондықтан мен комитет басшысынан жолдастарыммен көрісуге рұқсат етуін сұрадым,-деді ол Азаттық тілшісіне
XS
SM
MD
LG