Accessibility links

Ресей әскері Тәжікстанда қала бермек


Тәжікстанда өткен бірлескен әскери жаттығуға қатысып жатқан ресейлік солдаттар. Ходжент, 9 маусым 2012 жыл. Көрнекі сурет

Тәжікстанда өткен бірлескен әскери жаттығуға қатысып жатқан ресейлік солдаттар. Ходжент, 9 маусым 2012 жыл. Көрнекі сурет

Мәскеу 6 шілде күні биылғы қазан айында Тәжікстанмен осы елдегі әскери базасын сақтап қалу бойынша жаңа келісімге қол қоюдан үмітті екенін мәлімдеді.

Ресейдің қорғаныс министрі Анатолий Сердюков 2014 жылы мерзімі бітетін келісім-шартты ұзарту кезінде қаржылық міндеттемелер сол күйінде қалады деп сенеді.

Душанбе бұған дейін Ресей әскерінің өз территориясында қала беруі үшін жылына 300 миллион АҚШ доллары көлемінде өтемақы тілейтінін білдіріп қалған еді. Қаржы мәселесіне байланысты туған дау екі елдің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасты ушықтырған болатын.
XS
SM
MD
LG