Accessibility links

Конгресс өкілі: "Манас" жабылса, Тәжікстан бар


Конгресмен Дэн Бертон Азаттық радиосында отыр. Прага, 20 мамыр 2011 жыл. Көрнекі сурет

Конгресмен Дэн Бертон Азаттық радиосында отыр. Прага, 20 мамыр 2011 жыл. Көрнекі сурет

Тәжікстанға арнайы сапармен барған АҚШ конгресі делегациясының басшысы Вашингтон Тәжікстанды Қырғызстандағы "Манас" транзиттік базасына балама ел ретінде қарастырады деп мәлімдеді.

Конгресмен Дэн Бертон 6 шілде күні душанбелік журналистерге:

- "Манастағы" транзиттік аймақ 2014 жылы жабылады деп жоспарланған. Үкіметтің атынан сөйлей алмасақ та, жалпы алғанда Тәжікстан транзиттік орталықты алмастыратын мекен ретінде қарастырылуы мүмкін деп сенеміз. Өйткені бұл ел Ауғанстанға тиіп тұр. Елге қайтып барғанда АҚШ үкіметімен бұл жайында сөйлесеміз, - деді.

Делегацияға Дэн Бертонмен бірге тағы бір конгресмен Грег Микс жетекшілік етіп жүр. Конгресс өкілдері іссапар кезінде Орталық Азия елдерімен кезек-кезек танысып келе жатыр.
XS
SM
MD
LG