Accessibility links

Пан Ги Мун Сириядағы бақылаушылар санын қысқартуды ұсынды


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун
БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун
БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун осы халықаралық ұйымның Сириядағы бақылаушылар санын қысқартып, жанжалды саяси жолмен шешуге күш салуды ұсынды.

Бас хатшы БҰҰ миссиясының Дамаскіде орналасқаны жөн деп санайды, ал бұған дейін миссия бақылаушылары ұрыс жүріп жатқан аудандарда болған кезде шабуылға тап болғаны хабарланған.

Сириядағы үкімет әскері мен оппозиция арасындағы қарулы жанжалды ауыздықтау мәселесіне мониторинг жүргізген, құрамы 300 адамнан тұратын халықаралық бақылаушылар миссиясының мандаты енді екі аптадан соң аяқталмақ.

Мандат мерзімін тағы біраз уақытқа ұзарту мәселесін БҰҰ қауіпсіздік кеңесі келесі аптада талқыламақшы.

Батыс және араб елдерінің өкілдері кеше Парижде үшінші мәрте "Сирия достары" деген жиында бас қосып, Башар Асадтың режиміне қарсы қысымды күшейтуді ұйғарған.
XS
SM
MD
LG