Accessibility links

Украинада автокөлік апатынан 14 адам қаза болған


Бүгін Украинаның Чернигов облысында автокөлік апатынан он төрт адам мерт болып, тағы жиырма екі кісі жарақат алған.

Украина төтенше жағдай министрлігінің хабарлауынша, Ресейдің Псков облысынан Украинаның Почаевская Лавра монастріне бара жатқанда Киев-Черников күре жолы бойында аударылған жолаушылар автобусында 45 адам отырған.
XS
SM
MD
LG