Accessibility links

Белсенділер 10 күндік қамаудан босап шықты


Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық сотына шақырылған қоғамдық белсенді Инга Иманбай. Алматы, 28 маусым 2012 жыл.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық сотына шақырылған қоғамдық белсенді Инга Иманбай. Алматы, 28 маусым 2012 жыл.

"Рух пен тіл" ұйымының белсенділері, театр режиссері Болат Атабаев пен жастар белсендісі Жанболат Мамайды қолдап акция өткізгені үшін 10 күнге қамалған Инга Иманбай мен Анар Әбілдаева абақтыдан босап шықты. Бұл туралы Азаттық тілшісіне Инга Иманбайдың өзі хабарлады.

Инга Иманбай мен Анар Әбілдаева 15 маусымда Болат Атабаев пен Жанболат Мамайды қамаудан босатуды талап етіп, наразылық акциясын өткізген еді. 28 маусымда Алматының әкімшілік соты екеуін "бейбіт шеру мен жиындар өткізу тәртібін бұзды" деп, 10 тәулікке қамаған.
XS
SM
MD
LG