Accessibility links

Сауд Арабиясында шиит жетекшісі қамалды


Наразы топ шейх Нимр әл-Нимрдің суретін ұстап тұр. Сауд Арабиясы, 8 шілде 2012 жыл.
Наразы топ шейх Нимр әл-Нимрдің суретін ұстап тұр. Сауд Арабиясы, 8 шілде 2012 жыл.
Сауд Арабиясында шиит қауымының радикалды жетекшілерінің бірі, шейх Нимр әл-Нимр тұтқындалды.

Әл-Нимрге бұған дейін "өткен жылы елдің мұнайға бай шығыс провинцияларында болған наразылықтарды ұйымдастырды" деген айып тағылған.

Сауд Арабиясының мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, шиит имамы жексенбіде қауіпсіздік күштерінің қызметкерлерімен атысқан кезде ұсталды. Әл-Нимр мен оның жақтастары полициядан қашуға тырысқан. Бірақ имам көлігі полиция көлігіне соқтығысқаннан соң ұсталған, атыс кезінде аяғынан жараланған.

Елдің шығыс аймақтарында тұратын шиит тұрғындар құқықтары тапталып отырғанын айтып, сүнниттік билікке бірнеше рет наразылық танытқан.
XS
SM
MD
LG