Accessibility links

Кофи Аннан Башар Асадпен қайта кездеседі


БҰҰ-ның Сирия бойынша өкілі Кофи Аннан.
БҰҰ-ның Сирия бойынша өкілі Кофи Аннан.
БҰҰ-ның Сирия бойынша өкілі Кофи Аннан дүйсенбіде Дамаскіде президент Башар Асадпен келіссөздер жүргізеді.

Кездесуде Аннан ұсынған қақтығысты бейбіт жолмен реттеу жоспары талқыланады деген болжам бар.

Сенбіде Кофи Аннан бұған дейін өзі ұсынған жоспарларының нәтиже бермегенін айтқан.

Ал неміс телеарнасына сұхбат берген Башар Асад АҚШ-ты "елдегі жағдайды тұрақсыздандырып отыр және билікке қарсы күресуші "террористерді" қолдайды" деп айыптаған.

Асад Сауд Арабиясы мен Катарды да сириялық "террористерді" қаруландырады деп айыптады. Асадтың ойынша, Түркия да билікке қарсы күресушілерге көмектесіп отыр.
XS
SM
MD
LG