Accessibility links

БҰҰ комиссары Орталық Азияға іссапармен барды


БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Нави Пиллэй.
БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Нави Пиллэй.
БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Нави Пиллэй Орталық Азия елдеріне жасаған ресми сапары аясында Қырғызстанға барды деп хабарлайды Азаттық радиосының Қырғыз қызметі.

8 маусымда Бішкекке барған Пиллэй бүгін осы ел президенті Алмазбек Атамбаевпен кездеседі. Мұнан соң ол Қырғызстанның ішкі және сыртқы істер министрлері, бас прокурор, жоғарғы сот мүшелері және құқық қорғау саласының өкілдерімен кездеседі деген болжам бар.

БҰҰ-ның ресми сайтындағы ақпаратқа қарағанда, Нави Пиллэй 11 маусымда Қазақстанға барады. Комиссар алдымен Алматыға келіп, сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановпен, азаматтық қоғам өкілдері және құқық қорғаушылармен кездеспек. Мұнан соң ол сапарын Астанада жалғастырып, премьер-министр Кәрім Мәсімовпен, ішкі істер және әділет министрлерімен кездеседі.
XS
SM
MD
LG