Accessibility links

Телерадио хабарларын тарату шектеледі


Телерадио хабарларын тарататын "Көктөбе" мұнарасы. Көрнекі сурет.

Телерадио хабарларын тарататын "Көктөбе" мұнарасы. Көрнекі сурет.

Алматыда 16-22 шілде аралығында "Көктөбе" телерадио хабарларын тарату станциясында техникалық жұмыстар жүргізілетініне байланысты республикалық телеарналар мен радиолардың хабар тарату уақыты шектеледі. Бұл туралы Азаттық тілшісіне "Көктөбе" телерадио хабарларын тарату орталығының директоры Сергей Заднепровский хабарлады.

Оның айтуынша, осы күндері таңертеңгі сағат 9-дан кешкі 6-ға дейін бірнеше телеарна мен радионың хабарларын тарату тоқтайды. Тек кешкі сағат 6-дан кейін ғана хабар таратыла бастайды.

Олардың қатарында "Мир", "Астана", "Қазақстан", НТК, КТК, "Ел Арна", "Первый канал Евразия", "Хабар", "Алматы", "ТАҢ", "HIT TV", "31 канал", СТВ, "Жетінші арна" мен "Қазақ радиосы", "Шалқар" және басқа да радиолар бар.

Заднепровский техникалық жұмыстар республикада хабар таратудың сандық түріне көшіп жатқанына байланысты жүргізіліп жатыр дейді.
XS
SM
MD
LG