Accessibility links

Аннан Асадпен кездескен соң Иранға барды


БҰҰ-ның Сирия бойынша өкілі Кофи Аннан Башар Асадпен кездесуден соң. Дамаск, 9 шілде 2012 жыл.
БҰҰ-ның Сирия бойынша өкілі Кофи Аннан Башар Асадпен кездесуден соң. Дамаск, 9 шілде 2012 жыл.
БҰҰ-ның Сирия бойынша өкілі Кофи Аннан Дамаскіде президент Башар Асадпен келіссөздер жүргізген соң Тегеранға барды.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Аннан Асадпен болған кездесуді "оң" деп бағалаған. Кездесудегі басты тақырып сәуірдің ортасында күшіне енгенімен, әлі орындалмаған қақтығысты реттеу жоспарын қайта іске асыру болды. Қазір Аннан және басқа да жоғары дәрежелі дипломаттар қақтығысты реттеу жоспарының өзін "аман алып қалу" туралы жиі айтып жүр.

Халықаралық оқшаулануға ұшыраған Сирияның қазіргі басты одақтасы Иран болып отыр. Сондықтан Кофи Аннан бүгін Сирия мәселесін Иран басшыларымен талқылайды деген болжам бар.

Сирияда дағдарыс басталып, ол қақтығысқа ұласқанына 16 ай болды. Қарсыласушы тараптар - көтерілісшілер мен үкімет әскерлері арасындағы қақтығыс соңғы уақытта тіпті күшейді. Қақтығыс салдарынан мыңдаған сириялық қаза тауып, ондаған мың адам босып кетті.
XS
SM
MD
LG