Accessibility links

Румыния соты: Президенттің өкілетін тоқтату - заңды


Румыния президенті Траян Бэсеску. Бухарест, 3 шілде 2012 жыл.

Румыния президенті Траян Бэсеску. Бухарест, 3 шілде 2012 жыл.

Румынияның конституциялық соты парламент депутаттарының президент Траян Бэсескудің өкілетін тоқтату туралы шешімін заңды деп тапты. Сот енді 29 шілде - Бэсескуге импичмент жариялау жөнінде референдум өткенге дейін елді парламент сенатының спикері Крин Антонеску уақытша басқарады деп шешті.

Конституциялық сот енді солшыл премьер Виктор Понта үкіметінің референдум туралы заңға өзгерістер енгізу шешімінің заңдылығын қарауы тиіс. Понта үкіметінің қаулысы бойынша, президентке импичмент жариялау туралы шешім сайлаушылардың басым көпшілігінің дауыс беруімен қабылданады. Бұған дейін импичмент жариялауға тіркелген сайлаушылардың басым көпшілігі дауыс беруі міндетті еді.

Егер сот түзетуді заңға қайшы десе, 29 шілдеге белгіленген референдум өтпей қалуы да мүмкін.
XS
SM
MD
LG