Accessibility links

Назарбаев журналистік этика кодексін жасауды тапсырды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәдениет және ақпарат министрлігіне журналистік этика кодексін жасауды тапсырды деп хабарлайды сейсенбіде ресми ақпарат құралдары.

Назарбаевтың басылымдарда жарияланған Қазақстанда әлеуметтік модернизация жүргізу туралы мақаласында "бұқаралық ақпарат құралдары оқырмандарға бұрмаланған және күмәнді ақпарат таратпай, ұлттық журналистік этика және заң шеңберінде жұмыс істеуі тиіс" делінген.

Осыған орай Назарбаев мәдениет және ақпарат министрлігіне журналистердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесе отырып журналистік этика кодексін және қазақстандық ақпарат құралдарын модернизациялау жоспарын жасауды тапсырған.
XS
SM
MD
LG