Accessibility links

Аннан: Иран Сирия дағдарысын реттеуге көмектесуі мүмкін


БҰҰ-ның Сирия бойынша өкілі Кофи Аннан (сол жақта) мен Иранның сыртқы істер министрі Әли Акбар Салехи. Тегеран, 10 шілде 2012 жыл.

БҰҰ-ның Сирия бойынша өкілі Кофи Аннан (сол жақта) мен Иранның сыртқы істер министрі Әли Акбар Салехи. Тегеран, 10 шілде 2012 жыл.

Иран Сирия дағдарысын бейбіт реттеуде "жақсы" роль атқаруы мүмкін. Бұл туралы бүгін Тегеранда Иран басшылығымен кездескен БҰҰ-ның Сирия бойынша өкілі Кофи Аннан мәлімдеді.

Иранның сыртқы істер министрі Әли Салехи Аннанның бұған дейін ұсынған қақтығысты бейбіт реттеу жоспарына тағы да қолдау білдірді. Иран Сирия президенті Башар Асадтың басты одақтасы болып саналады.

Ресей сейсенбіде Сириядағы жағдайға қатысты Мәскеуде жаңа халықаралық жиын өткізуді ұсынды. Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров екінші күн бойына Сирия оппозициясының өкілдерімен кездесіп отыр.

Батыс елдері мен олардың одақтастары Сириядағы дағдарыс Асад отставкаға кеткен жағдайда ғана бейбіт реттеледі деп санайды.
XS
SM
MD
LG