Accessibility links

Ресей БҰҰ-ға Сирия бойынша жаңа қарар ұсынды


Сирияда жүрген БҰҰ бақылаушылары. Хомс, 3 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Сирияда жүрген БҰҰ бақылаушылары. Хомс, 3 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне жаңа қарардың жобасын ұсынды. Онда Сириядағы БҰҰ бақылаушыларының мандатын ұзартып, қақтығысты саяси жолмен реттеуге бар күшті салу жайы жазылған. Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі Игорь Панкиннің айтуынша, қарар кеңеске мүше 14 мемлекетке жіберілген.

Сириядағы 300 БҰҰ бақылаушысының мандаты 20 шілдеде бітеді.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, БҰҰ-дағы аты-жөнін атамаған дипломат "қарарға ұйымның бас хатшысы Пан Ги Мунның бақылаушыларды провинциялардан Дамаскіге ауыстыру туралы ұсынысы да кіргізілгенін" айтқан.

Дипломат бұған қоса қарар Сириядағы қақтығысушы екі жақ та дағдарыстан шығар жол іздеу үшін Дамаск мен оппозицияға да қысым көрсету арқылы қабылдануы тиіс деді.
XS
SM
MD
LG