Accessibility links

БҰҰ Қырғызстандағы коррупцияны сынады


БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Нави Пиллэй.
БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Нави Пиллэй.
БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Нави Пиллэй Бішкекте өткен баспасөз жиынында Қырғызстандағы коррупцияны "елдегі ең үлкен проблема" деп сынады.

Пиллэйдің сөзіне қарағанда, қырғыз билігі әсіресе мемлекеттік қызметкерлер жасаған коррупциялық қылмыстарды ашып, жазалауы тиіс.

Жоғарғы комиссар бұған қоса елде азаматтарды ұлттық, діни және жыныстық белгілеріне қарап кемсітудің кең тарағанын атап айтты. Ол бұған дәлел ретінде Оштағы жағдайды мысалға келтірді. Онда халықтың тең жарымы өзбек болса да, қалада бір де бір ұлты өзбек судья жоқ.

Пиллэйдің айтуынша, 2010 жылы маусымда болған этникалық жанжалдар мұны айқын көрсетіп берді. Ол бұған дәлел ретінде сол кезде құрбан болғандардың 75 пайызы өзбек ұлты өкілдері екенін айтты. Қақтығысқа қатысы бар деп тұтқындалғандардың да төрттен үші - өзбектер.
XS
SM
MD
LG