Accessibility links

БҰҰ комиссары сыртқы істер министрімен кездесті


Қазақстанның сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов.

Қазақстанның сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов.

Қазақстанның сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов сәрсенбіде Алматыда БҰҰ бас хатшысының орынбасары, адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссар Нави Пиллэймен кездесті. Бұл туралы сыртқы істер министрлігі тартқан баспасөз қызметіне сілтеме жасаған "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде Қазақстанның адам құқықтарын сақтауға алған міндеттемелерін орындауы, адам құқықтары жөніндегі комитеттің Орталық Азия аймақтық бөлімімен ынтымақтасуы жайындағы мәселелер талқыланды. Азаптауға қарсы ұлттық механизмдерді енгізу жайы да сөз болды.

Бұған қоса кездесуде екі жақ БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңес құрамына 2013-2015 жылдары Қазақстанның кандидатурасын ұсыну мәселелерін талқылаған.

Қазыханов Қазақстанның "БҰҰ-ның Сириядағы қақтығысты тоқтатып, адам құқықтарын сақтауға бағытталған әрекеттерін қолдайтынын" да білдірген.
XS
SM
MD
LG