Accessibility links

Сребреницада геноцид құрбандарын еске алды


1995 жылғы қырғында құрбан болғандар жерленген зират. Сребреница, Сербия.
1995 жылғы қырғында құрбан болғандар жерленген зират. Сребреница, Сербия.
Сребреницада (Сербия) бүгін мыңдаған адам босния сербтерінің 8 мың мұсылман ерлері мен балаларын қырғанына 17 жыл толғанын еске алу шарасына қатысты.

Бүгін ДНК қорытындысы бойынша геноцид құрбандары делінген 520 адамның мүрдесі бауырластар зиратынан алынып, 1995 жылғы қырғында құрбан болғандар жерленген зиратқа қайта көмілді.

АҚШ президенті Барак Обама бұл күнге орай мәлімдеме жасап, "Сребреница қырғыны қашан да 20-ғасырдағы ең ауыр қылмыстардың қатарына қосылады" деді.
XS
SM
MD
LG