Accessibility links

Ауғанстанда әйелдер наразылық танытты


Ауғанстанның Парван уәлаятында орындалған әйелді ату жазасы (видеодан алынған сурет). Күні белгісіз.

Ауғанстанның Парван уәлаятында орындалған әйелді ату жазасы (видеодан алынған сурет). Күні белгісіз.

Кабулде сәрсенбіде ондаған әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетуге наразылық танытты. БҰҰ-ның Ауғанстандағы өкілдігінің алдында болған наразылыққа парламенттегі бірнеше әйел депутаттар да қосылды.

Бұған дейін Ауғанстанда Парван уәлаятында зина жасады деген себеппен 22 жастағы Наджиба есімді әйелді жұрттың көзінше атқан видео тарап кеткен еді.

Ауғанстанның әйелдер ісі жөніндегі министрлігі бүгінгі наразылықты "үнсіз қарсылық" деп атады.

Ауғанстан билігі оқиғаға Талибан ұйымын айыптады. Талибан болса әйелдің атылуына өзінің қатысы жоқ екенін мәлімдеп, оның шариғат заңы бойынша сотталмағанын айтты.

Президент Хамид Карзай оқиғаны "иасламға қайшы және кешірілмейтін қылмыс" деп айыптады.
XS
SM
MD
LG