Accessibility links

БҰҰ өкілі: Жаңаөзен оқиғасын тексеруді қалаймын


БҰҰ-ның адам құқығы бойынша бас комиссары Нави Пиллэй қазақстандық үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесті. Алматы, 11 шілде 2012 жыл.
БҰҰ-ның адам құқығы бойынша бас комиссары Нави Пиллэй қазақстандық үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесті. Алматы, 11 шілде 2012 жыл.
БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі бас комиссары Нави Пиллэй Конституциялық кеңестің төрағасы Игорь Роговпен кездесіп, Жаңаөзен оқиғасына тексеру жүргізілгенін қалайтынын айтты. Бұл туралы "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі хабарлады.

"Жаңаөзен оқиғасы тиісті түрде тексерілмеді" деп алаңдаған БҰҰ өкілі: "Сот процестерінің адам құқықтары жөніндегі халықаралық нормалар мен стандарттарға сай болғанын қалаймын. Әсіресе Азаматтық және саяси құқық жөніндегі халықаралық пактінің 14 бабына сай сот әділ болғаны жөн" деді.

Жаңаөзен мен Шетпеде 2011 жылы 16-17 желтоқсанда болған оқиғалар кезінде ресми дерек бойынша 17 адам қаза тауып, 100-ге тарта адам жараланды. Жаңаөзен қаласындағы оқиғаларға қатысы бар деп айыпталған 13 адам 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге сотталды.
XS
SM
MD
LG