Accessibility links

Сирияның Ирактағы елшісі көтерілісшілер жағына шықты


Сирияның Ирактағы елшісі Наваф әл-Фарес.

Сирияның Ирактағы елшісі Наваф әл-Фарес.

Сирияның Ирактағы елшісі Наваф әл-Фарес оппозиция жағына шыққанын мәлімдеді. Ол Facebook әлеуметтік желісінде жариялаған видеосында "Сирия халқының революциялық күштеріне қосылғанын" айтады.

Әл-Фарес - президент Башар Асад режимімен байланысын үзген сириялық алғашқы жоғары дәрежедегі дипломат. Қазір оның қай жерде екендігі белгісіз.

Бұған дейін Сирия ұлттық кеңесінің өкілдері де әл-Фарестің көтерілісшілер жағына шыққанын хабарлаған. Ұлттық кеңестің өкілі Мохаммед Сермини таяуда Сирияның шетелдердегі тағы бірнеше дипломаты осындай қадамға баратынын да айтты.

Өткен аптада Сирия республикалық гвардия бригадасының қолбасшысы, генерал Манаф Тласс елден кетіп қалған еді.
XS
SM
MD
LG