Accessibility links

Олимпиадада қауіпсіздікті сақтауға тағы 3,5 мың әскер бөлінді


Темза өзеніндегі көпір үстіне ілінген олимпиада белгісі. Лондон, 1 шілде 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Темза өзеніндегі көпір үстіне ілінген олимпиада белгісі. Лондон, 1 шілде 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Лондон олимпиадасында қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қажет болған жағдайда тағы үш жарым мың британ әскери қызметкері жұмылдырылатын болды. Ұлыбритания билігі бұл мақсаттарға тартылған жеке меншік G4S компаниясының дайындықтан өткен адамдары жетпей қалуы мүмкін деп қауіптенеді.

Ұлыбритания армиясы олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 13 жарым мың солдатты әлдеқашан бөліп қойған. Осылайша, биыл 17 мың әскери жазғы демалысқа шықпайтын болды.

Лондонда жазғы олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге армия бөлімшелері, мыңдаған полицей, реактивті жойғыш ұшақтар, тікұшақтар, екі әскери кеме және жарылғыш заттарды залалсыздандыратын мамандар тартылмақ.
XS
SM
MD
LG