Accessibility links

Пәкістанда 9 полицейді атып кетті


Лахорда дайындық жасап жатқан полицейлер. Пәкістан, 3 шілде 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Лахорда дайындық жасап жатқан полицейлер. Пәкістан, 3 шілде 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Бейсенбіде Пәкістанның шығысындағы Лахор қаласында бетперде киген белгісіз біреулер сегіз полицей мен бір түрме қызметкерін атып кетті.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, мотоциклмен келгендер 35 полицей жаттығу өткізіп жатқан академияға шабуыл жасаған. Әзірге шабуылға жауапкершілікті ешкім мойнына алған жоқ.

Бұл - Пенжаб провинциясында соңғы үш күнде қауіпсіздік күштеріне жасалып отырған екінші шабуыл. 9 шілдеде Исламабадтан 150 шақырым жердегі әскери лагерьде белгісіз адамдар қауіпсіздік қызметінің жеті адамын атып кеткен еді.

Елдегі жағдай өткен аптада Пәкістан НАТО-ның Ауғанстандағы әскеріне керек-жарақ тасымалдау жолын қайта ашқан соң шиеленісіп кетті.
XS
SM
MD
LG