Accessibility links

Алматы облысында үй өртеніп, 7 адам қаза тапты


Өрт сөндірушілер өртеніп жатқан үйді сөндіріп жатыр. Көрнекі сурет.

Өрт сөндірушілер өртеніп жатқан үйді сөндіріп жатыр. Көрнекі сурет.

Алматы облысының Қарасай ауданының Таусамалы ауылында жер үй өртеніп, 7 адам қаза тапты деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеген BNews агенттігі. Департамент үйдің өртенуіне жарылыс себеп болғанын айтады.

Ал ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, облыстық прокуратура оқиға бойынша қылмыстық кодекстің "терроризм" және "қылмыс жасауға дайындалды" деген баптарымен іс қозғады.

Қазір оқиғаның шығу себептері анықталып жатыр.
XS
SM
MD
LG