Accessibility links

БҰҰ өкілі бас прокурормен кездесті


Алматыда БҰҰ-ның адам құқығы бойынша бас комиссары Нави Пиллэй қазақстандық үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесті. Алматы, 11 шілде 2012 жыл.

Алматыда БҰҰ-ның адам құқығы бойынша бас комиссары Нави Пиллэй қазақстандық үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесті. Алматы, 11 шілде 2012 жыл.

Бүгін БҰҰ бас хатшысының орынбасары, адам құқықтары жөніндегі бас комиссары Нави Пиллэй бас прокурор Асхат Дауылбаевпен кездесті деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметі.

Кездесуде екі жақ Жаңаөзенде 2011 жылы 16 желтоқсанда болған оқилардың тексерілуі мен азаптауға қарсы іс-шаралар туралы әңгімелескен.

Дауылбаев Жағаөзен оқиғасы бойынша сот істерінің "ашық болғанын", "сотқа түрлі қоғамдық ұйымдар қатысып, оң баға бергенін" айтқан. Оның сөзіне қарағанда, Жаңаөзен мен Ақтаудағы тергеу абақтыларын тексерген ұйымдар онда "тұтқындардың азапталмағанын" айтқан.

Дегенмен, Нави Пиллэй Жаңаөзен оқиғасына халықаралық тәуелсіз тексеру жүргізілді ұсынды.

Сәрсенбіде БҰҰ өкілімен кездесуінде үкіметтік емес ұйымдар Жаңаөзен оқиғасын тергеу кезінде тұтқындардың азапталғанын, бірақ оның сот процесінде еленбегенін жеткізген еді.
XS
SM
MD
LG