Accessibility links

Кубаньдағы су тасқынында 17 адам із-түзсіз жоғалды


Ресейдің төтенше жағдайлар министрі Владимир Пучков.
Ресейдің төтенше жағдайлар министрі Владимир Пучков.
Кубаньдағы су тасқынының салдарынан 17 адам із-түзсіз жоғалып кетті деп хабарлады бейсенбіде Ресейдің төтенше жағдайлар министрі Владимир Пучков.

Ресми мәлімет бойынша, қазір 172 адам құрбан болғандар санатында.

Су тасқынынан ең көп зардап шеккен Крымск ауданына қосымша мәскеулік "Раменское" әуежайынан "Центроспас" отряды, төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру академиясының курсанттары жіберілді.

Кубаньда құтқарушылардан өзге жеті мыңнан астам ерікті жұмыс істеп жатыр. Аймақта су тасқынынан 34 мыңнан астам адам дүние-мүлкінен айырылған.
XS
SM
MD
LG