Accessibility links

Хамид Карзай Молла Омарды президенттікке түсуге шақырды


Ауғанстан президенті Хамид Карзай баспасөз жиынында сөйлеп тұр. Кабул, 12 шілде 2012 жыл.
Ауғанстан президенті Хамид Карзай баспасөз жиынында сөйлеп тұр. Кабул, 12 шілде 2012 жыл.
Ауғанстан президенті Хамид Карзай Талибан басшысы Молла Омарды ауған үкіметіне қарсы күресін тоқтатып, президент сайлауына түсуге шақырды.

Бейсенбіде Кабулде журналистер алдында сөйлеген Карзай Молла Омардың өз саяси партиясын құрып, Ауғанстаннан өз кеңсесін аша алатынын және сайлауға қатыса алатынын айтты.

2001 АҚШ бастаған коалиция күштері елдегі Талибан режимін құлатқаннан бері Молла Омар ізін жасырып келеді.

АҚШ осыдан соң Молла Омардың қай жерде жүргені жайлы ақпарат берген адамға 10 миллион АҚШ долларын беретінін жариялаған.

Хамид Карзай бұған дейін де Молла Омар мен Талибанның басқа да басшыларын қарсылықты тоқтатып, бейбіт келісімге келуге шақырған. Бірақ Талибан ауған президентінің ұсынысын қабылдамай қойды. Осы жылдың басында Талибан өкілдері АҚШ-пен жүргізіле бастаған алдын-ала келісімдерді тастап кетті.
XS
SM
MD
LG