Accessibility links

Молдовада коммунистік символдарға тыйым салынды


Парламент спикері Мариан Лупу (ортада) коммунизмді айыптай сөйлеп отыр. Молдова, 12 шілде 2012 жыл.

Парламент спикері Мариан Лупу (ортада) коммунизмді айыптай сөйлеп отыр. Молдова, 12 шілде 2012 жыл.

Молдова парламенті бұрынғы СССР кезінде елдегі коммунистік режим жасаған қылмыстарды айыптап, коммунистік символдарды пайдалануға тыйым салатын заң қабылдады.

Бұл заң елдің қазіргі коммунистік партиясын орақ пен балға таңбасынан бас тартып, басқа эмблема табуға мәжбүрлейді.

Коммунистік партияның парламенттегі 36 депутаты заңға дауыс беруге қатыспай, наразылық ретінде залдан шығып кетті. Коммунистер енді жаңа заңның үстінен конституциялық сотқа шағымданатындарын айтады.

Жаңа заң әлі күнге дейін коммунистік символдарды пайдаланатын елдің Приднестровье аймағында да наразылық туғызуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG