Accessibility links

Берлускони Италия премьерлігіне кандидатурасын ұсынды


Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускони. 16 наурыз 2009 жыл.

Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускони. 16 наурыз 2009 жыл.

Италияның экс-премьері Сильвио Берлускони 2013 жылы өтетін парламент сайлауында премьер-министрлікке өз кандидатурасын ұсынады. Бұл туралы италиялық ықпалды “Corriere della sera” басылымы жазады.

"Халық еркіндігі" партиясына Берлускониден кейін жетекші болуға ресми үміткер Анжелино Альфано да экс-премьердің келесі жылы сәуірге белгіленіп отырған сайлауға өз кандидатурасын ұсынатынын растады.

Альфаноның айтуынша, Берлусконидің мұндай шешім жасауына қоғамдық пікірдің нәтижесі түрткі болған. Қоғамдық пікір бойынша, егер партияны Берлускони басқармаса, онда партия сайлауда ең көп дегенде 10 пайыз дауыс алуы мүмкін. Ал Берлускони бұрынғыдай жетекші болып қала берсе, онда партия сайлаушылардың 30 пайыз дауысын алуы ықтимал.

Берлускони өз кандидатурасын премьерлікке бұған дейін бес рет ұсынған. Оның үшеуінде премьер болып сайланды, екі рет Романо Продиден жеңіліп қалды.
XS
SM
MD
LG