Accessibility links

Шетпелік екі азамат қамаудан босады


Шетпе ауданына кіре берісі. Маңғыстау облысы, Шетпе, 22 сәуір 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Шетпе ауданына кіре берісі. Маңғыстау облысы, Шетпе, 22 сәуір 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Шетпеде 2011 жылы 17 желтоқсанда болған оқиғаларға қатысты қамалған шетпелік Болат Аманиязов пен Болат Зейілов босатылды. Бұл туралы Азаттық тілшісіне Болат Зейіловтің қорғаушысы Мұхтар Әліби телефон арқылы хабарлады.

Қорғаушының айтуынша, шетпеліктер 10 шілдеде босатылған. Оларға "жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды", "полицияға қарсылық танытты" және "теміржолға бөгет жасады" деген айыптар тағылған еді. Маңғыстау облыстық соты олардан алдыңғы екі айыпты алып тастап, соңғы айып бойынша рақымшылық жасаған.

Болат Аманиязов пен Болат Зейілов маусымның ортасында қамауға алынған.
XS
SM
MD
LG