Accessibility links

Америкада Өзбекстан азаматына үкім шықты


Ұлықбек Қодиров.

Ұлықбек Қодиров.

Алабама штатында Бирмингем округінің федералдық соты АҚШ президенті Барак Обаманы өлтірмекші болды деп айыпталған Өзбекстан азаматына үкім шығарды.

Үкім бойынша 22 жастағы Ұлықбек Қодиров 15 жылға бас бостандығынын айрылды.

Азаттықтың Өзбек қызметінің хабарлауынша, Қодиров өз айыбын мойындағандықтан, жеңілдетілген жазаға кесілген. АҚШ заңдарына сәйкес ол 30 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін деп күтілген еді.

Сот материалы бойынша, Ұлықбек Қодиров 2011 жылы шілденің 13-інде Алабама штатында тұтқындалғанға дейін құпия агенттен мерген мылтығын сатып алған. Ол алғашында өз кінәсін мойындамаған.

Ұлықбек Қодиров 2010 жылдың сәуірінде студенттік визасы аяқталғаннан кейін АҚШ-та заңсыз тұрып келген.
XS
SM
MD
LG