Accessibility links

АҚШ Сирияны "қасақана қырғын ұйымдастырды" деп айыптады


Хомстағы әскери операциядан кейін. Көрнекі сурет.
Хомстағы әскери операциядан кейін. Көрнекі сурет.
АҚШ Сирия билігін бейбіт тұрғындарды «қасақана өлтірді» деп айыптады.

Мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтон Сирияның Треймси ауылындағы жаппай қырғын үшін Башар Асад режимі жауапты деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, АҚШ-тың қолында мұны дәлелдейтін «бұлтартпайтын айғақ» бар. Клинтон бұл туралы қырғыннан бір күн өткен соң, жұма күні айтты.

Ол Сирияны дереу соғыс өртін тоқтатуға және оқиға орнына БҰҰ бақылаушыларын жіберуге шақырды.

Оппозиция мәліметіне қарағанда, Треймси ауылында 200-ден аса адам қаза тапқан. Бақылаушылар ауылды билік күштерінің атқылағанын айтса, Сирия үкіметі «террористерді» кіналайды.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун мен ұйымның Сириядағы өкілі Кофи Аннан жаппай қырғынды айыптап, Қауіпсіздік кеңесін батыл әрекетке шақырды. АҚШ Сирияға қарсы санкция туралы қарарды қабылдауға шақырса, оған Ресей қарсы болып отыр.
XS
SM
MD
LG