Accessibility links

Жаңаөзенде нөсер жауыннан кейбір үйлер зардап шекті


Жаңаөзен қаласына кіре берісі. Көрнекі сурет.

Жаңаөзен қаласына кіре берісі. Көрнекі сурет.

Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жаңаөзенде кеше кешке жақын бір жарым сағатқа созылған нөсер жауын жауып, қатты жел соққан. Жел кейбір көпқабатты тұрғын үй, әкімшілік және кәсіпорын ғимараттарының шатырларын ұшырып әкеткен. Нөсер жауыннан бірнеше үйдің ауласын су басқан.

"Жекелеген тұрғындардан аулаларының суға толып, шатырлары ұшқаны туралы 66 шағым келді" деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Апат зардаптарын жою үшін қалаға бүгін таң ата Атыраудағы Батыс аймақтық аэромобильді жедел құтқару отрядының құтқарушылары барды.

"Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің хабарлауынша, Жаңаөзен қаласына төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко да барған.
XS
SM
MD
LG