Accessibility links

Тәжікстан президентінің туысының өліміне күдікті ұсталды


Эмомали Рахмонның жездесі Холмуъмин Сафаров.
Эмомали Рахмонның жездесі Холмуъмин Сафаров.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның жездесі, 57 жастағы Холмуъмин Сафаровты өлтірді деген күдікті ұсталды деп хабарлайды Азаттық радиосының Тәжік қызметі.

Тәжікстан ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Холмуъмин Сафаровты өлтірді деп айыпталған адам 14 шілдеде жедел тергеу шараларының барысында ұсталған. Қазір алдын ала тергеу және қылмысқа қатысы бар деген басқа да күдіктілерді ұстау шаралары жүріп жатыр. Министрлік толық ақпарат тергеу шаралары біткен соң хабарланатынын айтты.

Холмуъмин Сафаровты 13 маусымның түнінде Душанбеде үйіне келе жатқанда белгісіз біреулер бірнеше рет атып, өлтіріп кеткен еді.

Холмуъмин Сафаров - Хатлон облысының тумасы. Ол 2009 жылдан бері қоршаған ортаны қорғау комитеті орман және аң шаруашылығы басқармасын басқарған.
XS
SM
MD
LG