Accessibility links

Қырғызстанда балама мүфтият құру мәселесі айтылды


Қырғызстан орталық мешітінде мұсылмандар жұма намазына жиналды. Бішкек, 9 сәуір 2010 жыл.
Қырғызстан орталық мешітінде мұсылмандар жұма намазына жиналды. Бішкек, 9 сәуір 2010 жыл.
Қырғызстанда өздерін "бастамашыл топ" деп атаған адамдар балама мүфтият құру ұсынысын айтты.

Олар мұны Қырғызстанның ресми мұсылмандар діни басқармасының басшысы Чубак қажы Жалиловтың "іс жүргізудегі әлсіздігімен, әрі сонысына қарамай қызметінен кетпей отырғанымен" түсіндірді.

Ал мемлекеттік органдар "Балама мүфтият құру Қырғызстанның қауіпсіздігіне зиян" деп есептейді.

БАЛАМА МҮФТИЯТ БОЗ ҮЙДЕ БОЛАДЫ

Өздерін бастамашыл топ деп атаған он шақты адам екі күннен бері балама мүфтият құру, мұсылмандар діни басқармасының алдында боз үй (киіз үй) тігу ұсынысын айтып отыр. Олардың бірі Жыпарбек қажы Тойчубековтың айтуынша, бұл ұсынысты дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссияға да түсірген. Айтуларынша, олардың тарапынан бұл ұсыныс қолдау тапқан.
Мешіт. Қырғызстан, 18 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Мешіт. Қырғызстан, 18 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

- Жаңа шешімнің негізінде біз балама мүфтият құрып жатырмыз. Біз бұған дейін заң қуып, таласқа шыққан емеспін. Боз үй тігудің жолын іздесек, онымыз тұйыққа тірелді. Бізге рұқсат берген жоқ, - дейді Тойчубеков.

Ол балама мүфтияттың басшылығына Руслан қажы Жумағуловты қамдап отырғандарын айтты.

- Қазіргі муфтийге тең бола алатын Руслан Жумагулов деген бар. Оны уақытша мүфти қыламыз, - деді Жыпарбек қажы Тойчубеков.

Руслан қажы Жумагулов 2010 жылы сол кездегі муфтий Сүйүн қажы Кулуев соққыға жығылып, қызметінен шеттетілгеннен кейін, үш ай мұсылмандар діни басқармасының жетекшісі міндетін атқарған. Одан соң ғұламалар кеңесі ол қызметке Чубак қажы Жалиловты сайлаған еді. Бірақ бастамашыл топ «Чубак қажы Жалилов Қырғызстан мұсылмандарының құрылтайында муфти болып ережеге сай бекітілген жоқ» дейді.

Осылай деген топ балама мүфтият құруды діни басқарманың жұмысының әлсіреп кеткенімен түсіндіреді. Бірақ боз үй тігуге қалалық билік те рұқсат бермеген.

- Біз осы жерге боз үй тікпей кетпейміз. Ондағы бір ғана мақсат: балама мүфтият жұмысын бастауы керек, кеңсесі болуы керек. Егер бұлар ресми мүфтиятқа кіргізбесе, балама мүфтиятты қасынан құрамыз. Боз үй тігіп, оны уақытша кеңсе қыламыз, - деді Жыпарбек қажы Тойчубеков.

"ӘРКІМ МҮФТИЯТ АШСА, БЫТЫРАНДЫ БОЛЫП КЕТЕДІ"

Қазір милиция мүфтияттың айналасындағы күзетті күшейткен. Дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссия балама мүфтият құруға қарсы. Аталған мекеменің басшысы Абдилатиф Жумабаев Азаттықтың Қырғыз қызметіне берген сұқбатында "балама мүфтиятқа рұқсат берілді" деген ақпаратты теріске шығарды.

- Бізден тіркеуден ешкім өткен жоқ. Ондай нәрсе біздің тіркеуден өтуі де мүмкін емес. Олар бізге осы сияқты іс жасайтындарын айтқан. "Бізді мүфти ұқпай жатқандықтан, біз осылай қыламыз " деген. Оларға мен “Орталық басқару бұзылмауы керек, ал бұзыла қалған болса, әр аймақ өзінің мүфтиятын ашып, Ресейдегі 81 муфтият сияқты, бытыранды болып кетеді. Ондай қылуға болмайды” деп жауап бергенмін, - деді Жумабаев.
Чубак қажы Жалилов (сол жақта) "Азаттықтың" Қырғызстандағы кеңсесінде.
Чубак қажы Жалилов (сол жақта) "Азаттықтың" Қырғызстандағы кеңсесінде.

Ал мұсылмандар діни басқармасы мүфтиятқа және Чубак қажы Жалиловқа қарсы жасалған әрекеттерді қажылықты ұйымдастыру мәселесімен байланыстырады. Олардың айтуынша, бұл дауды біраз жылдан бері қажылықтан пайда көріп отырғандар мен кейбір билік адамдары қоздырып отыр.

Діни басқарманың баспасөз хатшысы Мақсат Мамбеталиев мекемеде жұмыстың қалыпты түрде жүріп жатқанын айтты.

- Бұл мәселе бойынша ешқандай түсіндірме бере алмаймыз. Қазір демократия деген заманда “өзімді өзім білем, етігімді төрге ілем” деп, оны осылай түсініп, қалаған ісін қыла беретін болды. Мүфтияттың алдына келіп боз үй тігеді, балық пісіріп жейді, бұл бойынша ештеңе айта алмаймыз - олардың өз ісі. Біз өзіміздің ісімізбен әлекпіз. Мүфтиятта күнделікті жұмыс жүріп жатыр, - деді ол.

Бұған дейін кейбір қоғамдық белсенділер мен депутаттар араздасқан тараптарды жарастыру, бір үстелге отырғызу әрекеттерін жасаған еді.

Жыпарбек қажы Тойчубековтың балама мүфтият құру туралы пікірлерін мына жерден көре аласыз:
Балама мүфтият құру әрекеті
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:47 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG