Accessibility links

Биыл ораза 30 күнге созылады


Мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, бас мүфтий Әбсаттар қажы Дербісәлі.
Мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, бас мүфтий Әбсаттар қажы Дербісәлі.
Биыл мұсылмандардың оразасы 20 шілдеде басталады.

Алматыда өткізген баспасөз жиынында мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, бас мүфтий Әбсаттар қажы Дербісәлі биыл оразаның 30 күнге созылатынын айтты. 20 шілдеде басталған ораза 18 тамызда бітеді. Одан соң 19 тамызда үш күндік ораза айт мейрамы басталады.

Ораза ұстаған адам мұсылмандық шарты бойынша таң атқаннан күн батқанға дейін тамақ пен судан тыйылып, темекі, спиртті ішімдік сияқты исламда рұқсат етілмеген нәрселерден бас тартуы тиіс.

Былтыр ораза 29 күнге созылған.
XS
SM
MD
LG